Президенттің “Заң мен тәртіп” талабын заңды бұзып орындатуға бола ма?

0
719

Өткен сенбіде Шымкент Қаласының Білім Басқармасы жанынан құрылған аттестациялық комиссияның алғашқы отырысы өтті.

Жиынға басқарма басшысы Гүлназ Сүлейменова қатысып, аттестациялаудың жаңа форматы, енгізілген өзгерістер және “USTAZ” платформасы арқылы өтетін үдеріс туралы айтып берді..

Өз кезегімде мен сөзімді жаңа басшының жұмысына сәттілік тілеуден бастап, басқарма басшысы өз жұмысын 2018 жылы анықталып, артынан басылып қалған 800-ге жуық жалған санат туралы құжаттарды архивтен тауып қайта көтеруіден бастауы керектігін айттым.

Естеріңізде болса, сол кезде алғаш 800-ге жуық жалған санат алған педагог анықталды деген ақпарат тарап, бірақ соның 150-ге жуығының ғана күшін жойылды ғой деймін.

Қалай болғанда да сол істі қайта көтеру керек..

Жалған санатты “мұғалімдер” әлі арамызда жүруі мүмкін..

Сол отырыста комиссия төрайымы болып сайланған Шолпан Айтбаеваның айтуынша, ереже бойынша білім ошағына басшы болу үшін мектепте мұғалім болып жұмыс істеу міндетті емес көрінеді.

– Сіздер осы комиссияның құрамына енген болсаңыздар, қала педагогтарының элитасысыздар.

Олай болса сіздер ережеге өзгерістер енгізу туралы министрлікке ұсыныс беруге құқыларыңыз бар!

Ал мені комиссия құрамына шақырғандарыңызға рахмет! Аттестатталушылардың интернетке жүктеген құжаттарына үңіліп отыруға уақытым жоқ. Сондықтан мені комиссия құрамынан шығара салыңыздар! – дедім.

Сосын жаңа басшыға бір кеңес бердім.

Қызметкерлерді жұмыстан соң қалдырып немесе демалыс күндері жұмысқа шақыру практикасын доғарыңыз.

Аптаның 5 күнінде, күн сайынғы 8 сағаттық жұмыс күнін жоспарлап, тиімді пайдаланса қыруар шаруа атқаруға болады.

“Жығылатын жеріңе сабан төсеп қой” деген сөз бар.

Демалыс күні жұмысқа келген мынау отырған кісілердің ішінде не жатқанын ешкім білмейді.

Бірақ бір күні “Ойбай, демалыс күні де жұмыс істетіп жатыр” деп шу шығуы мүмкін.

Сол сізге керек пе?

Кезінде Ғабидолла әкім кешкі сағат19.00-де әкімдіктің барлық компьютерін сөндіртіп тастайтын. Одан қала шашырап кеткен жоқ..

– деп, қоштасып шығып кеттім.

Қабылдау бөлмесі де толы адам..

Арасында бір-екі таныс директор да бар екен..

Сенбі күнге төзсеңіздер, жексенбі күні де келетін боласыздар деп кеттім

Президент “Заң мен тәртіп” талабын қойып отырғанда, президенттің тапсырмасын орындату үшін заңмен бекітілген 8 сағаттық жұмыс күнін ұзартып, заң бұзуға жол беруге болмайды.

Мұны әкім де, орынбасарлары мен басқарма басшылары да ұмытпауы тиіс..

Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ, білікті ұстаз.

Фото автордың парақшасынан.