QR-кодпен «көмкерілген» мешіт келушіні таңғалдырды
ТикТок әлеуметтік желісінде еліміздегі бір мешіттің ішін аралап жүрген азамат өз таңданысын жасырмады деп жазады Democrat.kz.
«Түсінемін. Мешіт келушілер беретін садақамен материалдық жағдайын жасайды. Алайда бүкіл жерге QR-кодты жабыстырып тастаудың не керегі бар?»- деген азамат Қарағандының бірнеше мешітінде болғанын, ол жақта да осындай кодтар барын айтады.
«Мынадай кодтармен мешітті толтырғанша, ең болмаса, бір-екі жерге телефон қуаттайтын розетка қойса, қайтер еді?»- дейді ол.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.