Рамзан Қадыров: “Басшылықтан кетуді сұрап отырмын”

Рамзан Қадыров Ресей президенті Владимир Путиннен өзін Шешенстан басшысы қызметінен босатуды сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Chechnyatoday.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Шешенстан басшысы өзінің қызметтен кету туралы өтінішінің қолдау табатынына үміт білдірді.
“Түрлі әңгімелер айтылып жатыр. Мен өзім бұл қызметтен босатуды сұрап отырмын. Басқа біреу келсе, оның өз бастамалары, өз көзқарасы болады. Өтінішім қолдау табады деп үміттенемін”, – деп келтіреді Қадыровтың сөзін “Чечня Сегодня”.
Кремль бұл мәлімдемеге әзірге түсініктеме берген жоқ. Шешенстан басшысы “тек отставка сұрай алатынын, ал шешімді тек президент қабылдайтынын” айтты.
Рамзан Қадыров 2007 жылдың 5 сәуірінен бері Шешенстан Республикасын басқарып келеді. 2021 жылғы қыркүйекте өткен соңғы сайлауда, Ресей Орталық сайлау комиссиясының деректеріне сәйкес, Қадыров 99,7 пайыз дауыс жинаған. Оның өкілеттік мерзімі 2026 жылға дейін.