Ресей мигранттардың тынысын тарылта бастады (ВИДЕО)

0
536

Ресейде жаңа заң қабылданды. Ресейге келген мигранттардың орыс тілін білмейтін баласын мектепке қабылдамау туралы бұл заңды РФ президенті Путин де қолдады деп жазады Democrat.kz.

Ресейлік БАҚ-та тараған ақпаратта енді орыс тілін білмейтін кез келген баланы мектепке қабылдамау туралы заң күшіне енді.

Бұл заңды осы елдің президенті Путин де қолдап: «Дұрыс қой, орыс тілін білмейтін балаға орыс мектебінде білім алу мүмкін емес. Ал ол балаға орысшаны мектепте үйрету — басқа балалардың, мұғалімдердің уақытын ұрлау болады.

Сол себепті, Ресейде тұрамын, жұмыс істеймін деп келетіндер мектепте баласы оқитын болса, алдын-ала дайындалып келуі керек.

Бұл мәселеде әсіресе, Орта Азия елдерінен Ресейге келем деушілер көп екенін ескерсек, онда сол елдерде орыс тіліндегі мектептер желісін дамытып, орыс тілін оқытуды, орыс мәдениетін үйретуді және біздің заңдарды білуді талап еткен жөн», — деді.

Мұнан бөлек, Ресейде дәл қазір сырттан келгендерді «аулау» жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Хостел, қонақ үй дегенге қалаған уақытында басып кіріп жатқан полицейлер жұмысқа келген шетел азаматтарын топтап еліне жөнелтуде.

Сонымен қатар Ресейде жұмыс істеп жүрген шетелдік медицина саласының мамандарын да елден шығарады деген сыбыс бар. Госдумада сөз сөйлеген депутаттар да «мигранттарсыз да күнімізді көре аламыз! Ресейге келгісі келсе, әуелі орыс тілін, мәдениетін меңгерсін, сосын келсін!» деп ұран тастауда.

Ал дәл осы мәселеге қатысты Татарстанда кейбір билік өкілдері «бұл дұрыс емес» деп наразылық танытуда. «Орыс тілін бала мектепте үйренбей ме? Бұл қалай? Бұл заң дұрыс емес! Заңның осы тұсын біз қолдамаймыз» дейді.