Ресейдегі су тасқыны алқаптарды шаюда

0
133

Жайық, Тобыл өзендерінің суы қайта қайта көтеріліп, тұрғын үйлер мен жер алқаптарын шайып кетіп жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, 5 адам тасқынның құрбаны болған деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы 24.kz-ке сілтеме жасап.  

Ресейде Жайық, Тобыл өзені ернеуінен асып, қауіпті межеге жетті. Қазір құтқарушылар дамыл таппай жапа шеккен тұрғындарды эвакуациялап жатыр. Пәкістан мен Оманда да ахуал осыған ұқсас. Мұнда тасқыннан ондаған адам опат болған.

Орынбордағы ахуал әлі күрделі Ресей Ресейдің Орынбор және Ор қалаларында тасыған су сәл төмендеп, жағдай аздап тұрақтала бастағандай. Бірақ өңірде зардап шеккендерді құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Оған 4 мыңнан астам маман мен 1 мыңнан аса техника жұмылдырылған.

Фото ашық дереккөзден алынды.