Ресейдегі су тасқынына байланысты қылмыстық іс қозғалды

0
164

Ресейдегі су тасқынына байланысты ауа-райын болжау орталығының басшысы түсініктеме берді деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

“Метео” ауа райын болдау орталығының басшысы Александр Шувалов су тасқынына қатысты түсініктеме беріп, жағдайдың күрт нашарлауына біріншіден қолайсыз ауа райы себеп болғанын мәлімдеді. “Орынбор облысында ауа райы бірден 15 градусқа жылып, артынан тоқтаусыз жауған нөсердің салдарынан су тасқыны болды. Батыс пен Солтүстік-Батыс аймақтары да ауа райының тұрақсыздығынан су тасқыны зардабын тартуда. Жауған жылы жаңбыр да қардың жылдам еруіне әсер етіп, жағдай ушықты. Сонымен қатар су бөгетінің жарықтандыру жұмыстарында ақау шықты”,- деді А.Шувалов.

Аймақтың прокуратура гидротехникалық қорғаныстарды алдын-ала жабдықтамау салдарынан су тасқыны болғанын мәлімдеді. Ал тергеу комитеті “Құрылысты жүргізуде қауіпсіздік ережелерін сақтамау” бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, жауапты мекемелердің өз жұмыстарына салғырттық танытқандарын алға тартады.

Фото ашық дереккөзден алынды.