Ресейдегі су тасқынының себебі анықталуда

0
516

Қазіргі кезде Ресейдің Қорған, Самара, Алтай өңірін, Брянск және Мәскеу облыстарын жартылай су басты. Челябинск облысына қауіп төніп тұр деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы  NGS24.ru сайтына сілтеме жасап.

Жалпы Ресей бойынша 10,5 мың тұрғын үй мен 19,4 мың саяжай су астында қалған. Орынбордың суға кетуінің себебі су бөгетіне тұрақты түрде жөндеу жұмыстарының жүргізілмеуі. Мұздардың еруі салдарынан су бөгетінің бірнеше жерін тесіп кеткен дейді Ресей су проблемалары институтының ғылыми жетекшісі, эколог Виктор Данилов-Данильян.

Сондай-ақ профессор  Владимир Тетельмин Қазақстан жақтан ескен жылы ауаның салдарынан да қар мен мұз еріп, су тасқынына соқтырғанын айтады. “Бірінші Қазақстан жақ зардап шекті. Ғаламдық жылудың себебінен көктем оңтүстікке жақын орналасқан Қазақстанға бізден ертерек келеді. Қазақстан аймағын су басты”,- дейді Тетельмин.

Екі маман да Орскідегі жағдай қайталана ма деген сұраққа еритін қар деңгейіне байланысты деген жауапты берді.

Фото ашық дереккөзден алынды.