Ресейге қарызымыз еселеп артуда

0
228

Қазақстан қарызға белшеден батуда, соңғы бес жылда елдің сыртқы берешегі 4 миллиард долларға артқан. Ұлттық банктің дерегінше 2024 жылы елдің сыртқы қарызы 163 миллиард долларды құраған, бұл осыдан бес жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда бірнеше миллиардқа көп, — деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстанға ең көп несие берген ел – Нидерланд: 42,6 миллиард доллар. Дегенмен, Қазақстанның Ресейге алдындағы берешегі ерекше көзге түседі. Соңғы бес жылда Қазақстанның теріскей көршісіне қарызы 47,1 пайызға артып, 13 миллиард долларға жеткен. Бұл Мәскеудің Қазақстан экономикасындағы қаржылық ықпалы мен белсенділігін айтарлықтай күшейтіп отыр.

Ал Батыс елдерінің тарапынан несие берушілерінің қарыздары азая бастаған. Ұлыбритания мен АҚШ Қазақстанға қарыз беруді айтарлықтай азайтқан.

Осы өзгерістер аясында Азия Даму Банкі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстандағы жобаларға белсенді қатысып жүр. Желтоқсан айында Азия Даму Банкі қаржылық басқаруды реформалауға 350 миллион доллар бөлсе, ал Дүниежүзілік банктің көмегімен ДДҰ пандемиямен күресу үшін 19 миллион доллар бөліп, пандемия қорының жобасын қолға алған.

Елдің бұрынғы бас аудиторы Наталья Годунова мемлекеттік құрылымдардың халықаралық қаражатты тиімсіз пайдалануын сынға алып, неғұрлым ашық және жауапты қаржылық басқару қажет екенін айтқан болатын.

Фото ашық дереккөзден алынды.