РФ Қорған облысында Тобыл тасыды

0
62

Ресейдің Қорған облысында Тобыл суы тасып, 7 метрден асқан. Қаладағы 300-ден астам тұрғын үй мен 700-ге жуық ауланы су басып жатыр деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы 24.kz-ке сілтеме жасап.  

Саяжайлардың да жартысынан көбі су астында қалған. 13 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Жағдайға байланысты аймақтағы республикалық маңызы бар тас жолдарды жабуға шешім қабылданды. Үйлер қирап, көпір мен жолдар қатты бүлінген. Су басқан өңірлерден мыңдаған адам эвакуацияланды. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Фото ашық дереккөзден алынды.