РФ Орынборда мыңнан астам үй суға кетті

0
30

Орынбор облысында тәулік ішінде 1 мыңнан астам үй суға кеткен. Мамандар Жайық суының деңгейі төмендегенін айтады деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бірақ су басқан жерлер тым көп. Ал тасқын салдарынан су қысымы төмендеген Орск қаласында тұрғындардың ауыз судан ажыратылғанына 2 аптаға жуықтады. Олар тіршілік нәрін алу үшін кезекке тұруға мәжбүр. Сол себепті мұндағы перзентханалар кешелі бері жабық тұр.

Аяғы ауыр әйелдер Орынбор қаласына жөнелтілуде. Ал мектептер қашықтан оқытуға көшкен. Василий Козупица, Орск қаласының басшысы: — Қалада барлығы 73 ұңғыма жұмыс істеді, қазір оның 21-і ғана қалды. 10 текше метрге дейін су таситын бөшкелерді лаждап отырмыз. Ауызсуға қолжеткізу үшін көршілеріміз Гай, Медногорск, Новотроицк, Орынбор қалаларынан көмек сұрадық.

Ал су тасуды жеңілдету үшін суармалы су құбырын іске қостық. Тобыл суы 10 метрге таяды Отводка. Қорғанда ДА қауіп күшейді. Мұнда Тобыл суының деңгейі тез көтерілуде. Соңғы 2 сағатта 11 см-ге өсіп, 10 метрге таяған. Тасқын су көпірлер мен үйлерді шайып кетіп жатыр. Аймақта табиғат апатынан жапа шеккен 14 мыңға жуық адам эвакуацияланды. Құтқарушылар тәулік бойы тынымсыз жұмыс істеуде, әр екі сағат сайын дабыл қосылып тұр.

Фото ашық дереккөзден алынды.