Рим Папасы біздегі жағдайға алаңдаушылық білдірді

0
170

Рим Папасы Франциск су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан тұрғындарына жанашырлық білдірді, деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы Ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.

«Рим Папасы Франциск соңғы 70 жылдағы қардың ерте еруінен туындаған ең ауыр су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан азаматтарына жанашырлық білдірді», — делінген сәрсенбідегі хабарламада.

Айта кетсек, су тасқыны салдарынан 90 мыңға жуық тұрғын эвакуациялауға мәжбүр болды.

Фото ашық дереккөзден алынды.