Роза Әлқожа сырқатынан айыға алмай жүргенін айтты

0
679

Танымал әнші Роза Әлқожа көп уақыттан бері денсаулығы сыр беріп жүргенін айтты. 

Өнер иесі желі қолданушыларына ұзақ уақыт бойы жөтелмен күресіп жүргенін жасырмады.

“Қайырлы кеш! Бұлай ұзақ ауырып көрмеппін. Бір айға созылған фарингит (кетпейтін жөтел) екен. Бәрін қойып, ем-домға кірістік. Дәрігер бір апта сөйлеуге рұқсат жоқ деді… Қалай сөйлеспей жүресің?!. Сіздерде де алыс туысқаның келіп, кете алмай қалғандай қимай жүрген жөтел бар ма?! Бұл – геноцид! Басқа түк те емес, қайталап айтамын”, – деді әнші.

Айта кетейік, жаһандық жылынуға байланысты әлемде емі жоқ қауіпті зең инфекциясы тарайтынын ғалымдар ескерткен еді.

Сарапшылардың пікірінше, жаһандық жылыну Aspergillus  зең инфекциясының өсуі мен көбеюін тудырады.

“Икемді Aspergillus жыл сайын миллиондаған адамдар жұқтыра алады. Бұл температураның жоғарылаған сайын өлімге әкелетін қоздырғыштардың, соның ішінде дәрі-дәрмектерге төзімді саңырауқұлақ инфекцияларының географиясын арттырады”, – делінген басылымда.