Садақа жәшігіндегі ақшаға қыздармен көңіл көтердім

0
2957

Қарап отырсам, мешіт молдалары нәпақа табудың қыр-сырын меңгеріп алыпты. Айталық, «садақада құран оқып бер» немесе басқа да діни жоралғыны атқаруды сұранып мешітке адам келеді.

Имам алдымен әлгі адамның үсті-басына, киіміне, мініп келген көлігіне қарайды. Егер әлгі адам қымбат машина мініп жүрсе, имам сол мезетте қутыңдап сонымен ілесе кетеді.

Ал бөлшектері шашылып қалуға шақ тұрған жаман машинасы бар «клиент» келсе, мешіттің бас имамы бұл шаруаны тәжірибесіз молдаға жүктей салады.

Имамдар ортасындағы осы бір келеңсіз жайтқа менің қатысым болған жоқ деп айта алмаймын.

Атыраудағы Құспан молда мешітінде кезекші имам қызметін аз уақыт атқарған кезде «клиент» таңдаудың әдіс-айласын тез меңгеріп алған мен де талай рет осылай жасадым.

Көңілімнің қалауы соқпаған «клиент» келсе, оған басқа молданы қосып жіберуге тырысатынмын.

Осылайша өзімнің кезекші имамдық қызметімді жеке басыма пайдаланып жүрдім.

Айтпақшы төмендегі видеоны көріп отырып, Атырауда кезекші имам болған кезімдегі садақа жәшігінен, әсіресе Ораза айында пітірден түскен ақшаны талай рет ұрлаған сәттерім де есіме түсті.

Атап айтқанда пітір-садақа жәшігінен ақша алу
ұзын сызғыштың ұшына скотч жабыстыру арқылы темір жәшіктегі саңылаудан қағаз ақшаларды суырып алып, сол қаржыға жеңіл жүрісті қыздармен көңіл көтеретінмін.
Алғашында қорқыныш болды, кейін бұған етім үйреніп кетті.

Бірақ уақыт өте келе, бұл ісімнен жиіркене бастадым,ақыры мешіттен кетіп, бұл өмірді артта қалдырдым.

Тұрарбек ҚҰСАЙЫНҰЛЫ, дін зерттеуші.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін.