Салтанаттың жалаңаш видеосы туралы ағасы не дейді?

0
940

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Бишімбаев түсірген видео туралы ойын ашып айтты, — деп хабарлайды Democrat.kz  ақпараттық порталы Dalanews.kz.-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

«Салтанат неге кетіп қалмаған және кетіп, қайтадан неге оралған?» деген секілді сұрақтар көп қойылды. Бұл мен үшін де үлкен сұрақ. Оның жауабын қылмыс болғаннан кейін алдым. Яғни Бишімбаев түсірген видеодан кейін білдік.

Бұл туралы айтқымыз келмеген, себебі бұл біздің жақындарымыз үшін ауыр. Сондықтан видео туралы қоғам білмесе дедік. Себебі әлдеқандай әдеп нормасы бар. Менің міндетім — бәрін бүге-шүгесіне дейін айтып, біреуді қаралау емес, отбасымды ойлау және оларға қамқорлық таныту болды», — дейді Айтбек Амангелді.

Еске салайық, бұған дейін прокурор Бишімбаев Салтанатты кепілдік үшін жалаңаш видеоға түсіргенін айтқан болатын. Бүгін Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты алғашқы сот отырысы өтті. Прокурор сот отырысы барысында маңызды деректерді айтты.

Оның сөзінше, қазір айыпталып отырған бұрынғы шенеунік тіпті жұбайын жалаңаш күйде видеоға түсірген.

«Ол Нүкенова жалаңаш көрінетін видео түсіріп, бұл оған кепіл болатынын айтты. Өз кезегінде Нүкенова үрейленіп, Бишімбаевтың іс-әрекетінен қорқып, өз еркіне қарсы осы талапты орындап, өзін мәжбүрлі түрде киімсіз видеоға түсіруге рұқсат етті», — деді прокурор.

Фото ашық дереккөзден алынды.