Саляфиттер бірігіп талап қойса, заң оларды да жақтай ма?

0
338

СҚО Ғ. Мүсрепов аудандық соты, 35 жасар екіқабат Жансұлу Дархамбаеваны “Ұлт араздықты қоздыру” бабы негізінде, 2 жыл колония-поселениеге соттаған.

“Жестко ма? Жестко!” Айппұл арқалата салса да болар еді. Сотталушы сотта берген жауабында өзінің Астаналық екенін, жұмыс істеуге барған “Сокологоровка” елді мекенінде орыс диаспорасы өкілдерімен қарым қатынасы дұрыс болмағанын, кейін “Урожайное” орта мектебі директоры болғанда мемлекеттік тіл—қазақ тілі қолданыс аясын кеңейту мақсатында коллективтің қарсылығына ұшырағанын, сосын, Новоишимовка ауылына көшіп кеткенін айтқан.

Сотта кінәсін мойындап, енді мұндай істі қайталамаймын деп уәде берген.

Жә, биліктің бір үлкен қателігі: шулаған көпшіліктің “аузын жабу” үшін, сол тарапқа ыңғай танытатыны!

Осы іс үлкен қателік!

“Шерзат” ісінде көптің талабы — талғарлық хулигандарды, заң нормаларын жинап қойып, соттау болды.

Провокация жасаған тарап жазаланбады.

Билік осы жұрт талабын “білдірмей” орындады, сұрағанын тауып беріп “демалдырды”.

Мына СҚО да болған жағдай да тура осыған ұқсас.

Сол өңір тұрғындары талабы орындалған.

“Аспан айналып жерге түссе де, жер өз орбитасынан шығып кетсе де” билік, көптің талабы заңға қайшы екенін біле тұра— солардың ығына жығылмауы тиіс!

Иә, қоғам тыныштығы бәрімізге керек.

Бірақ, тыныштықты сақтаудың жолы—құқықтық сауаты жоқ көптің ыңғайына жығылу емес!

Тағы бір мысал келтірейін!

Саляфиті көп өңірлердің азаматтары жиналып заңды билікке заңсыз талап қойса, “қоғамдағы тыныштықты сақтайық” деп билік сол заңсыз талаптарды орындауы тиіс пе?

Міне әңгіме қайда.

Пысы: мынандай сот шешімдері халықты біріктірмейді, керісінше арасын ашады.

Президент әкімшілігі ойлануы тиіс!

Мен мемлекетшіл адаммын!

Осы жолда ақ ты ақ, қараны қара деп айтамын!

Төртуыл ШОҚАН, қоғам белсендісі.

Фото интернеттен.