Сара Алпысқызы ауыр халде ауруханада жатыр?

Әлеуметтік желідегі парақшасында журналист Ораз Әлімбеков экс-президент Назарбаевтың әйелі Сара Алпысқызы туралы бір ақпарат туралы жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
“Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми әйелі Сара Алпысқызы хал үстінде жатыр ма?
Н.Назарбаев пен Ә.Исабаеваның шариғи некесін қиған молда кім?
Экс-президент Н.Назарбаевтың ресми некедегі (АХАТ) әйелі Сара Алпысқызы ҚР Президент істері жөніндегі басқармаға қарайтын ауруханаға түсті, оның қасында туыстары жиналып отыр деген ақпарат тарады.
Аурухана басшылығы бұл ақпаратты жоққа шығарған жоқ, «рас» деп те айтпады. Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібаев да жауап бермей тым-тырыс жатыр.
Сара Назарбаева – 84 жаста. Дегенмен, Нұрсұлтан Назарбаев Әсел Исабаевамен де ерлі-зайыпты секілді тұрып жатқанын өзі айтқан. Олардың шариғи некесін ҚМДБ-ның қайсы имамы қиғаны жөніндегі мәлімет әлі күнге шейін құпия” деп жазды Ораз Әлімбеков.
Фото көрнекілік үшін.