Сарыағаш мектептеріндегі жантүршігерлік жағдайлар анықталды

0
140

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Сарыағаш аудандық мектебінде болған оқиғаларға байланысты, мектептегі психолог пен әлеуметтік қызметкерлердің жұмысын сынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Түркістан облысындағы жұмыс қорытындысы бойынша өткен кеңесте әр салада зерттейтін екі бағыт бойынша проблемалар ұсынылды. Олар: заң нормаларын іске асыру және балаларды қорғау жүйесін талдау, балалар мекемелерінің жай-күйін тексеру», — дейді Динара Зәкиева.

Ол Сарыағаш мектептерінде болған жантүршігерлік жағдайларды айтты.

«Сауалнамаға қатысқан оқушылар Сарыағаш ауданының ауылдық мектебінде буллинг, бопсалау бар деп жазды. Сол мектепте көктемде бала өзін-өзі өлтірген, сондай-ақ көктемде зорлық-зомбылық салдарынан 15 жастағы қыздың жүктілігі анықталды. Екі оқушы да психологқа салған суреттерінде көмек сұраған. Алайда оған ешкім назар аудармаған. Әлеуметтік қызметкерлер, қамқоршылық органдары жұмыс істемегенү Оларға қанша рет сигнал берілсе де, көрмеген, шара қолданбаған», — дейді Динара Зәкиева.