Сел басып, 5 адам қаза тапты

0
151

Қырғызстанның Ноқатында жойқын сел болып, бес адам қаза тапты. Бұл туралы 24.kg басылымына ТЖМ өкілдері хабарлаған.

Алдын ала ақпарат бойынша, Ноокатта селдің салдарынан бес адам қаза тапты. Ақпаратты жергілікті 24.kg басылымына ТЖМ дағдарыс жағдайларын басқару орталығы басшысының орынбасары Байзақ Отарбеков растаған.

Жергілікті тұрғындарға сілтеме жасай отырып, ол Абшыр-Ата елді мекенінде, өзен жағасында алты адам демалғанын хабарлады. Барлығын ағынмен алып кеткен. ІІМ қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар бес адамның денесін тапты.

Фото интернеттен алынды.