Шәмші Қалдаяқовтың немерелері театрларды сотқа бермек

0
135

Шәмші Қалдаяқовтың балалары сазгердің «Сыған серенадасы» әніне арналған қойылымның театр сахналарында қойылуына қарсы деп жазады malim.kz сайты.

Өйткені ол жерде көрсетілетін кейбір жайттар шындыққа жанаспайды екен. Бұл туралы композитордың келіні Ботакөз Қалдаяқова мәлімдеді.

«1991 жылы «Сыған серенадасы» деген пьеса шықты. Авторын білеміз, бірақ оны айтудың керегі жоқ. Композитордың әйелі Жәмилә апай телевидение, газет, радио арқылы айтты, «Сыған серенадасының» шындыққа еш қатысы жоқ. Пьесада Шәмшіні сығандар тепкілеп, қамшымен ұрады. Ұят енді. Көбісі «Сыған серенадасы» әніне қарап оқиға өмірде болды деп ойлайды. Пьеса авторымен хабарласқанымызда «бұл менің фантазиям» деп жауап берді. Жақында халықаралық авторық құқық қорғау қоғамының өкілдерімен сөйлесіп, тиісті мекемелерді заң алдында жауапқа тарту туралы талқыладық. Театр басшылығы кешірім сұрап, репертуарынан алып тастағаны дұрыс», — дейді Ботакөз Қалдаяқова.

Фото видеодан скринделіп алынды.