Шариғат нормалары мемлекеттік заңға қайшы келеді

0
259

Алматыда Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық ұйымның Қазақстан  бюросының (АҚмЗСЖҚХБ) ұйымдастыруымен «Шариғат бойынша неке және тоқал алу — әйелдер құқығын бұзу» тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізді.

Бұл тақырып қоғамда жиі талқыланады. Ulysmedia.kz қоғам белсенділерінің ұсыныстарын тыңдап қайтты деп жазады Democrat.kz. Ақпараттық порталы сілтеме жасап.

«Шариғат бойынша неке»

Баспасөз мәслихатының өзегі не? Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарайтын (ҚМДБ)  мешіт имамдары жыл сайын ондаған мың неке қиып, жұбайларға заңсыз «неке қию туралы куәлік» береді. Бұл қоғамда заңсыз көп әйел алуға деген сұранысты күшейтіп отыр.

Шын мәнінде, шариғат бойынша қиылған неке зайырлы мемлекеттің заңнамасына, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексіне қайшы келеді. Сондықтан тек мемлекеттік органдар қиған неке (ерлі-зайыптылық) заңды деп есептеледі.  «Діни ғұрыптар мен рәсімдер бойынша қиылған неке (ерлі-зайыптылық) мемлекттік тіркеу органдарында тіркелген некеге (ерлі-зайыптылыққа) балама болып табылмаады және тиісті құқықтық салдарлар туғызбайды».

Айтпақшы, ҚМДБ-ның жарғысында неке қиюды тіркеу имамдар құзырында екені жазылмаған және Діни басқарма имамдарының азаматтық хал актілерін тіркеуге араласуға құқығы жоқ екені көрсетілмеген.

Некені мешітте қидыруды насихаттағандарға айыппұл салынады

Жиынды ашқан модератор, «Демос» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тұрарбек Құсайынов 2023 жылдың 4 айында Астананың бір мешітінде 5000 неке қиылғанын және ешкім жазаланбағанын айтты. Оның айтуынша, егер мұндай жағдай Өзбекстанда болса, бұл үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілген.

Түсіндіре кетейік, көрші елде былтыр күзден бері көп әйел алуды насихаттағандар, қоғамдық орындарда бетін тұмшалап жүретіндер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Екі немесе одан да көп әйелмен бірге тұруды насихаттағаны, сондай көзқарасты немесе үндеулерді таратқаны, сондай-ақ мұндай әрекеттерді ынталандырғаны үшін 15-30 БРВ мөлшерінде айыппұл қарастырылған (көрсетілген БРВ сомасы 4,95-9,9 миллион сумға дейін, шамамен 406 — 811 доллар аралығында) немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу.

Дәл осындай айыппұл заңда белгіленген тәртіппен некесі тіркелмеген адамдар арасында, оның ішінде неке жасына толмаған адаммен діни неке қию рәсімін жасағаны үшін де салынады.

Конференцияның тағы бір қатысушысы Серік Рысжанов 2022 жылдың маусым айында ҚМДБ-ның ресми сайтындағы пәтуасында АХАТ органдарында тіркелген неке туралы былай делінгеніне назар аударды:

– Тек АХАТ органының ер мен әйелдің өзара келісімімен неке қию туралы куәлігін беруі шариғат талаптарына сай неке болып табылмайды. Өйткені бұл жерде шариғат талап еткен шарттар толық орындалмаған.

– Жекелеген имамдарды жазалаудың қажеті жоқ шығар. Бас мүфти жауап беруі керек. Жауап берсін немесе тәртіп орнатсын», — деп ұсыныс айтты Тұрарбек Құсайынов.

Оның айтуынша, ол өзі де бұрын имам болған. Шариғат бойынша некелері қиылған отбасыларында әйелдер зорлық-зомбылыққа көбірек ұшырайды, бұған Сирия, Ауғанстан, Сауд Арабиясы және басқа елдердің мысалы дәлел.

Құран мағынасы

Құран аудармашысы, публицист Серік Рысжанов кез келген мұсылман үшін шариғат нормалары оның өмірін реттейтін заңдар ретінде қарастырылатынын атап өтті: «Олар мың жылдан астам уақыт бұрын жазылған және оның талаптары қазіргі заманға, мемлекет заңдарына қайшы келеді, дейдi Рысжанов.

Оның пікірінше, мәселе әйелдерге деген көзқарастың ескіргенінде болып отыр.

– Мен YouTube арнамда бұрын әйелді ұрып-соғу керек екеніне неліктен сенімді болғанын және осы түсініктің әсерінен тіпті қазіргі Құранды орыс тіліне аударушылардың өзі төртінші сүренің 29-шы аятын қалай аударғанын егжей-тегжейлі сипаттайтын видео шығардым. Төртінші сүреде әйелді ұруға болады деген аят бар дейді. Алайда Құранда мұндай мағына жоқ екенін бар жауапкершілікті ала отырып мәлімдеймін. Құранда ымырада болу, келісімге келу туралы айтылған, дейді Рысжанов.

Жақын қарым-қатынас

Аудармаға келсек, неке (никах) жақын төсек қарым-қатынасты, жұптасуды білдіреді және іс жүзінде бұл сөз одақ ретінде қолданылады. Бұл одақтың құрылуына қажетті 5 шарт бар. Оның ішінде ерлі-зайыптылардың өзара келісімі де қарастырылған.

Сондай-ақ дінтанушы шариғаттағы барлық шарттар ҚР «Неке және отбасы туралы» заңда да бар екенін алға тартады.

– Ол (ҚР «Неке және отбасы туралы» заңы) Шариғат ережелерінен де кеңірек. Бірақ мүфтият мемлекеттік орган арқылы неке қию шариғатқа сай емес дегенді сеніммен айтып отыр, бірақ бұл шындыққа сай емес, — дейді Рысжанов.

Айтуынша, мүфтият іс жүзінде өзін заң мен мемлекеттік органға қарсы қойып отыр.

Спикерлер Қуандық Бишімбаев пен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты да мысалға келтірді. Назарбаев Әсел Құрманбаевамен некесін заңдастырмай, мешітте қидырған. Сол арқылы ол шариғат бойынша неке қиыдырып алуға болады дегенді жоғары мінбеден «жарнамалаған».

Қазақтардың өз құндылығы бар

– Мешіт арқылы өтетін діни неке қию рәсімі діндарлар үшін маңызды болуы мүмкін және әрбір адам үшін өзіндік мәні бар. Дегенмен, ешбір рәсім тыныш өмірге кепілдік бере алмайды. Некенің сәтті болуы өзара түсіністікке, бір-біріне деген құрмет пен қамқорлыққа байланысты екенін есте ұстаған жөн. Барлық некеде қиындықтар болуы мүмкін. Сондықтан екеуара қарым-қатынас заң шеңберінде болуы тиіс. Дін қызметкерлерінің әрекеті Құран талаптарына сай емес. Оларды да түсінуге болады, себебі олар неке қиғаны үшін ақша алады, дейді Серік Рысжанов.

Көп әйел алу – өткен заманның қалдығы. Құран көп әйел алуды қолдамайды, тіпті әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық туралы да айтпаған.

– Иә, Құранда екі, үш, төрт әйел алуға болады. Бірақ еркек олардың бәріне әділ бола алса ғана рұқсат етіледі. Әділ болмаса, бір әйел алсын делінген, – дейді Серік Рысжанов.

– Кейде мен өзімнің зайырлы мемлекетте өмір сүріп жатқаныма күмәнмен қараймын. Мен дінге қарсы емеспін, бірақ дін ақша табудың құралына айналып барады, — дейді қоғам қайраткері Дана Мейірбекова.

– ең біріншіден, біз қазақпыз, өз құндылықтарымыз бар. Серік айтқандай,  мешіттерде болып жатқан оқиғалардың 90 пайызы Құранда жоқ. Бұрын коммунист болғандардың бәрі кенеттен діншіл болып шыға келді. Неке қидырғаннан түскен ақшаға салық салынбайды, оның төңірегінде қыруар ақша айналады. Мешіттегі некеге тыйым салынса, мәселе өздігінен шешіледі, — дейді Дана Мейірбекова.