“Шаршадым!” деген ана “балаларымды үкіметке өткізіп берші” дейді

Кеше Гүлсанаттың үйіне тағы бардым. 9 бала тапқан әйел екі ұлымды үкіметке өткізіп беріңіз дейді. 16 ,12 жастағы жасөспірімдер үйден безеді. Екеуінің қаңғып кететін әдеті шаршатқан.
Бізбен бірге бірнеше жерді шарлады. Екі ұлын таппады. Полиция да Шыңғысты жатқа біледі. Таңертең анасына айқайлап тағы кетіп қалған.
Үлкені біреулерді тонап, шешесі солардың ұрланған затының ақшасын төлеп жатыр. Бұған қоса, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлейді.
Гүлсанаттың әлеуметтік түйіткілін “Дау-дамайсыз” бағдарламасында шешіп, Жанна Ильичёва ханым да көп көмектескен.
Көпбалалы ана жұмыс істемейді. 8 перзенттің әкесі алимент төлемейді. Бірінші топ мүгедегі екен. Гүлсанат 41 жаста. Алматыда сауда үйінде еден жуып, сол жерде күзетшімен көңіл қосады. Ол 9-шы ұлдың әкесі.
Отбасының кірісі мемлекет тарапынан беретін атаулы әлеуметтік көмекке төлейтін қаржы – 130 мың теңге. Ал 8 перзенттің әкесі өзі күтімге мұқтаж . Ол бала-шағасына көмектесуге қауқарсыз . 9-шы баланың әкесі күзетші зым-зия .
Тұңғыш қызы және одан кейінгі қызы кәмелет жасқа толмай жатып, тұрмысқа шығып кетіпті. Ал үйдің үшінші баласы 16 жастағы зіңгіттей ұл. Ол таңғы асты ішіп, көше кезеді.. Гүлсанаттың арманы оларды балалар үйіне өткізу.
Бұл отбасыға қайырымдылық қоры үй де берген. Оны Гүлсанат сатып жіберген.
-Балалар өскенде рахатын көремін деп қиыншылыққа мойымадым. Бұлар мені тыңдамайды . Шаршадым,-дейді.
Енді ұлдарыңыз үйден неге қашады деп сұрадым.
41 жастағы көпбалалы ананың айтуынша перзенттерін жолдан тайдырған достары , олардың ата-аналары екен. Жалдамалы баспанада өмір сүреді.
Өзі 11 сынып бітірген күні тұрмысқа шыққан. Мамандық меңгермеген. Күйеуінің ағасы үш баладан басқасы біздікі емес және ДНК тапсырып, абыройын айрандай қыламын деп ашуланды. Келінге күйеуінің туыстары күйе жаққан.
Ал күзетші күйеу хабар-ошарсыз. Бір мәрте ғана баласына жөргек, киім-кешек алып берген екен.
Ал енді бұл отбасында тәрбиеленген балалар неге көше кезіп кетуге құмар? Көпбалалы алтын алқалы ананың уәжін айттым. Түстен кейін полиция қүжаттарды жинап жатырмыз деп хабарласты.
Сотқа беріп, соның шешімімен арнайы мектепке орналастырады. Гүлсанат ұлдарының қауіпсіз жерде болғанын қалайды. Ананың арманы орындалатын күн жақын.
Бүл отбасының жалғыз асыраушысы Гүлсанаттың денсаулығы сыр беріп, халықтан көмек сұрайды. Келесі айда отбасының жалғыз кірісі атаулы әлеуметтік көмек тоқтайды. Прописка жоқ. Жалдамалы баспананың иесі бұларды тіркеуден бас тартыпты.
Көп бала аш қалмасына кепілдік жоқ. Анасының жұмыс істейтін кенжесі әлі кішкентай. 41 жаста бейбіт күнде көпбалалы ана көшеде қаңғып қалуы мүмкін. Не істейміз?
Жазира БЕГАЛЫ, журналист.
Фото көрнекілік үшін.