Шейхтар діннің ықпалын әлсіретуге кірісті

0
1063

Шығыс ғалымдарын мұсылмандар «ислам ғалымдары» деп әлемнің бұрын-соңды өмір сүрген өзге ғалымдарынан бөлектеп, бүкіл ғылыми еңбектерін исламға теліп қойғаны Шығыс ғалымдарына жасалған қиянат және ол ғалымдардың барлығы дерлік діншіл болмағанын, еркін ойлы болғанын, тіпті, діншілдер тарапынан қудалауға, түрткіге ұшырағанын ескерсек, қиянаттың салмағы тіптен ауырлап кетеді.

Ал «ислам ғалымдары» деп аталғаны үшін сырттан келген діннің таралуына қарсы жергілікті сенім өкілдері олардың ғылымға сіңірген еңбектерін жоққа шығарып жатуы әділетсіздік.

Ғылым исламға дейін пайда болған және дамып жатқан. Астрономия — адамдар Күн құдайына табынып жатқанда, Жердің, өзге планеталардың Күнді айналып жүретінін айтқан, оларға дейінгі арақашықтықты өлшеп берген Аристарх Самосский жүрекжұтқан революционер.

Жер жалпақ, төрт бұрышты деп елдер сеніп жүргенде, қолына сырық алып, Жердің домалақ екенін дәлелдеп, радиусын өлшеп берген Эратосфен де мықты революционер.

Елдер құдайларына құрбандық, сый жасап, табынып, жалбарынып жүргенде, Фалес құдай жоқ деп картопты жарған алғашқы жаужүрек атеист.

Ауруды ашуланған құдайлар жаза ретінде жібереді, болмаса әртүрлі сиқыршы бақсы-балгер оқытып, қарғыс жібергеннен болады деп ойлап жүрген халыққа «аурудың себептері бар, дәрігер ауруды емдеп қана қоймай, аурудың алдын алсын» деп төңкеріс жасаған Гипократ қандай алып тұлға.

Ибрахим діндеріне дейін өмір сүрген, өз заманында тобырға, қалыптасқан түсінікке қарсы шыққан, санада төңкеріс жасаған, ғылымды бастаған ғалымдар көп болды, көп еңбек жазылды.

Христианство келген соң ғалымдарды қудалау басталды, қаншама құнды еңбек өртеніп кетті, ғалымдар енді дінге қайшы келмейтіндей етіп зерттей бастады да адасты, Аристотель Күн және басқа планеталар Жерді айналады деді, естеріңізге салайын, Аристотельге дейін Аристарх Самосский Күн Жерден көп үлкен, ол Жерді айнала алмайды, бүкіл планеталар Күнді айналады деп айтқан болатын, церковь отқа өртейтінін біле тұра жанын шүберекке түйіп, Коперник 18 ғасыр өткен соң ғана Аристархтың теориясын дәлелдей алды.

Христиандық дін өкілдері ғылымды тұралатып, артық пікір айтқаны үшін ғалымдарды өлтіре бастаған кезде, ғылымды Шығыс ғалымдары іліп әкетті.

Олар ежелгі ғалымдардың еңбектерін, ойларын дамытып, жақсы зерттеулер жасады. Ал ислам олардың бастарына қара бұлт үйіре бастаған кезде, христиандықтың ықпалы бәсеңдей бастаған болатын, батыс ғалымдары ғылыми эстафетаны өздеріне әкетіп, енді шығыс ғалымдарының еңбектерімен қоса, ғылымды әрі қарай дамытып кетті.

Ғылым бізге батыс және шығыс ғалымдарының эстафетаны бір-біріне беріп отыруымен дамып, қазіргі деңгейге жетті. Осыны қазіргі арап шейхтары түсінеді. Енді Эмират, Сауд шейхтары ғылыми эстафетаны өздеріне алғысы келеді.

Сол үшін ғалымдарды, инженерлерді тартып, діннің ықпалын кәдімгідей әлсіретіп жатыр.

Исламға дейін джахилия (надандық) заманы болған, бұл жазба ғылымның бәрі құранда, ғалымдар енді ашып жатыр дегенге сеніп қалған адамдарға арналған қысқаша сауат ашу.

Авторы — Айла КЕР

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.