«Шектен шықпаңыздаршы!»дейді әнші Алтынай

0
209

«Құран оқитын жерге де әкеледі»: Алтынай Жорабаева мобилографпен жүретін жұлдыздарды сынап тастады.

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Алтынай Жорабаева той-томалақтар мен түрлі шараларға мобилографымен бірге баратын өнердегі әріптестерін сынап тастады. Әнші әр қадамын түсіріп жүретін жұлдыздарға ескерту жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алтынай Жорабаева үнемі мобилографымен жүретін әріптестеріне Instagram-дағы парақшасында ескерту жасады. Өнер иесі әр қадамын видеоға түсіріп жүру сырттан жаман көрінетінін айтты.

«Осы мобилографпен жүретін жандар! Қатты шектен шықпаңыздаршы, өтініш. Құран оқитын жер болсын, той болсын. Үнемі бірге жүреді. Қонаққа барсаң тіпті амандасқаныңа дейін, сыйлық бергеніне дейін түсіріп жүреді. Жаман көрінеді. Шын айтамын. Желіге салғанда халыққа білінбейді. Бірақ сіздің солай мобилографыңызбен кіріп келгеніңіз сырттан жаман көрінеді. Бәрі «на показ» үшін екені жаман білініп, сырттан жаман көрінеді. Жарайды, жұмысыңызды, өнеріңізді жасаңыз. Тіпті арнайы блогерлердің іс-шарасы болса да мейлі. Бірақ шектен шықпаңыздаршы. Артық айтсам, кешірім сұраймын», — деп жазды әнші.

Фото интернеттен алынды.