Шенеунік жалақысы үшін триллиондаған теңге бөлінеді

0
88

Қаржы министрі Мәди Тақиев шенеуніктердің жалақысына ел бюджетінен жылына қанша ақша бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Democrat.kz  ақпараттық порталы  Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.

Үкіметтегі брифинг барысында журналистер Мәди Такиевтен мемлекеттік аппаратты ұстауға жылына қанша бюджеттен қаражат жұмсайтынын сұрады.

– Мен бүкіл мемлекеттік аппараттың жалақысы бойынша айта аламын. Онда бүкіл мемлекеттік аппараттың жалақысына жылына 1 трлн 32 млрд теңге сомасы құрайды, — деп жауап берді министр.

Сондай-ақ, журналистер Такиевтен елдің мемлекеттік аппаратын қысқарту жоспарланып отыр ма деп сұраған. Өйткені 10 жыл ішінде Қазақстанда министрліктер саны 12 -ден 21-ге дейін, вице-премьерлер саны үштен алтыға дейін, ал министрліктердегі комитеттер саны 30-дан 57-ге дейін өскен.

Қаржы министрлігінің басшысы мемлекеттік аппараттың ұлғаймағанын, ал олардың саны ірі министрліктерді кішігірім министрліктерге бөлу арқылы алынғанын айтты.

Фото ашық дереккөзден алынды.