Шенеуніктер арасындағы қитұрқы, шиеленіскен шаруалар

0
274

Павлодар — Қазақстандағы саяси «ыстық нүкте» саналады. 2000 жылдан бергі үш бірдей облыс әкімінің сотты болғанынан-ақ Ақорда үшін қандай маңызға ие екенін түсіне беріңіз.

Бірақ, қоғам үш әкімге де саяси тапсырыс болған деп санайды. Бүгінгі әңгімеміз үшінші әкім туралы. Яғни, 2020 жылы сотталып, жақында ғана ақталған Болат Бақауов жайлы.

Бақауов облыс тізгінін алғанға дейін шағын шаруа қожалығын басқарған еді. Облыс әкімі болысымен бизнесі 5 есеге ұлғайды. Бір ғана Май ауданынан 60 мың гектар жер алады.

Облыстың алты ауданынан миллиардтаған капиталы бар шаруашылықтар ашады. Бұл байлық Мәсімовтың көзіне түседі. Ол не істейді? Дұрыс ойлап отырсыз.

Қазақстандағы бизнестегі ұлттық ойын — рейдерлік тартып алуға көшеді. Бақауовтың крышасы Нығматуллин де мұрттыға қой дей алмайды. Себебі, Мәсімов бұл пиғылын іске асыру үшін КНБ-ны пайдаланды.

Атап айтқанда КНБ-дағы орынбасары Дәулет Ерғожин Кереку аймағына әкім қылып Әбілқайыр Сқақовты жібереді. Екеуі де кезінде налогта бірге істеген. Қызығы, Бақауовты соттаған іс те налог жақтан қозғалған еді. Совпадение? Не думаю.

Сқақовтың Ерғожинге сенгені сонша, кезінде өзін көтерген көкесі әмбе қайынғасы Даниал Ахметовті менсінбей кеткен. Саяси элита ортасында «менің крышам Ерғожин» деп айналасын ықтыратын болған.

Өз кезегінде Ерғожин де мықты крыша бола білді. Ол Сқақовты саяси лауазымға әкелгенімен қоймай, Әбілқайырдың бажасы, өмір бойы налоговик, аудитор болып жүрген Берік Нәжімеденовті Жоғарғы Соттың судьясы қылды.

Сот жүйесінде мүлдем істемеген адам қалайша Жоғарғы Сотың судьясы болып шыға келеді. Просто, сказка.

Қаңтарда Ерғожин ұсталғанан кейін Сқақов отбасылық суреттерін отқа жаққан көрінеді. Бұл енді қазақ қоғамына таң қаларлық жағдай емес.

Ең қызығы, Бақауовты сот ақтаған кезде Ақорда мынандай саяси тұжырым жасаған деседі-мыс.

Бақауов Мәсімовтің құрбанына айналған. Сондықтан ол ақталған. Ал, Ерғожинның әмірін іске асырмақ болған Сқақов саяси лауазымға жолатылмасын деген шешімге келген. Бірақ, Сқақов жолын тауып МӘМС-ке отырды.

Оңғар ҚАБДЕН, журналист.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.