Шенеуніктердің Дубайдағы мүлкінің құны қанша?

0
216

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстарының, мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулиннің және басқа да қазақстандықтардың Дубайда қымбат жылжымайтын мүліктері бар екені анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vlast.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

“Әсел Құрманбаева. Қызметі – «Астана Балет» театрының арт-жетекшісі. Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі. Дубайдағы жылжымайтын мүлік: құны 270 мың доллардан асатын (119 миллион теңге) пәтер. Үй Палм-Джумейра – сәнді жылжымайтын мүліктері мен люкс қонақ үйлері бар жасанды аралда орналасқан», – делінген экс-президенттің екінші әйелінің ақпаратына.

Құрманбаева «оффшорлық компаниялар арқылы Назарбаевтың жақын адамдарынан 30 миллион доллар алған.

Ал мәжілістің экс-спикері Нығматулиннің әйелі Венера Баймырзаевадан ондаған жылжымайтын мүлік табылды.

«Венера Баймурзаева. Мамандығы – кәсіпкер. Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулиннің жұбайы. Дубайдағы жылжымайтын мүлік: жалпы құны 4,3 миллион доллардан асатын (шамамен 2 миллиард теңге) 50-ден астам жылжымайтын мүлік», – делінген хабарламада.

Орталық сайлау комиссиясының бұрынғы басшысы Берік Имашевтың ұлы Әлжан Имашевтың Дубайда Палм-Джумейрада құны 1 миллион доллардан асатын (441 миллион теңге) пәтері болған.

Орталық сайлау комиссиясының бұрынғы басшысы Имашевтың әйелі Лейла Айдарбекованың да Дубайда 210 мың долларлық (92,6 миллион теңге) пәтері бар.

Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталовтың әйелі Бағда Баталовада элиталық тұрғын үй кешенінен құны шамамен 210 мың доллар (92,6 миллион теңге) екі бөлмелі пәтері;

Сотталған бұрынғы қорғаныс вице-министрі Бағдат Майкеевтің құны 500 мың доллардан асатын (220 миллион теңге) пәтері;

Бұрынғы ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың әйелі Дина Қасымованың  400 мың доллардан асатын (176,5 миллион теңге) бір бөлмелі пәтері;

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бұрынғы басшысы Алик Айдарбаевтың ағасы Ержан Айдарбаевтың жалпы құны 570 мың доллардан асатын (251 миллион теңге) екі бөлмелі үш пәтері;

Назарбаевтың сотталған немере інісі Қайрат Сатыбалдының құны 2,2 миллион доллардан асатын (970 миллион теңге) бес пәтері;

Дариға Назарбаеваның күйеуі Қайрат Шәріпбаевтың қызы Қорлан Шәріпбаеваның шамамен 250 мың долларлық (110 миллион теңге) пәтері;

Қаңтар оқиғасы бойынша тергеліп жатқан ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы Ерлан Тұрғымбаевтың ұлы Марлен Тұрғымбаевтың 347 мың долларлық (153 миллион теңге) пәтері;

Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Даниал Ахметовтың ұлы Талғат Ахметовтың шамамен 1,6 миллион доллар (705 миллион теңге) тұратын вилласы;

Түркістан облысының экс-әкімі Өмірзақ Шөкеевтің ағасы Серік Естай мен жұбайы Айжан Асанованың шамамен 1,7 миллион долларлық (750 миллион теңге) 8 пәтері бар.

Сондай-ақ тізімде Дариға Назарбаеваның бұрынғы күйеуі Рахат Әлиевтің ісіне қатысы бар және екеуімен де тығыз байланыста болған құқық қорғау органдарының бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері Сергей Кузьменконың да Дубайда мүлкі бар. Кузьменконың Дубайда құны 348 мың доллар болатын (153 миллион теңге) екі бөлмелі пәтері бар екені анықталды.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.