Шерзаттың әкесі халыққа үндеу жасап, алғыс айтты

0
70

Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов изолятордан босатылды. Бұл туралы оның қорғаушылары мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Құрметті достар! Қаржаубай изолятордан босатылды. Оны біздің команданың адвокаты Асылбек Әбдірайымов алып кетті. Онымен бәрі жақсы. Қазір ол отбасымен уақыт өткізіп, демалғысы келеді. Жақын арада қосымша ақпарат береміз», — деді қорғаушы Саида Таукелева.

Сонымен қатар,  әлеуметтік желіде Қаржаубай Нұрымовтың қазақстандықтарға алғыс айтқан видеосы жарияланды.

«Аллаға шүкір, мен үйдемін. Қолдауларыңыз үшін рахмет. Бәрі жақсы. Қорқатын ешнәрсе жоқ», — деді ол.

Еске сала кетейік, Шерзат Болаттың әкесі ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамауға алынған болатын (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі). Полицияның хабарлауынша, бұл жаза қоғамдық орында балағат сөздер айту, қызметкерлерді қорлау, сондай-ақ айналасындағыларды құрметтемеу әрекетіне байланысты тағайындалған.