Шетелде жүрген “Нәкөнай” жұртты күлкіге қарық қылды

Әлеуметтік желідегі парақшасында “Күлпаш” сериалының кейіпкері “Нәкөнай” Түркиядағы танымал үйдің есігін қақты деп жазады Democrat.kz.
Көпшілікке танымал “Листопад” атты түрік сериалы түсірілген тарихи үйге арнайы барған “Нәкөнай” (Нұрболат Есенбекұлы) әлгі үйдің қақпасын қақты.
“Фикрет, Шевкет, Али Рыза бей, Ферхунде! Біздің үйдегі Құдайы тамаққа келіңдер!” деген “Нәкөнайдың” әрекетіне жұрт күлді.
Айта кетейік, дәл қазіргі кезде “Күлпаш” сериалының кейіпкерлері Түркияда жүр. Сериалдың бір бөлімі Стамбулда түсіріледі деген мәлімет бар.
Фото интернеттен.
@nakonaiorignal