Шымкент Білім басқармасы соңғы 10 айда не бітірді?

Шымкент қаласы Білім Басқармасының 2024 жылдың 10 айында атқарған жұмыстарын қорытындылау бойынша жиын өтті.
Жиында Білім Басқармасы басшысы орынбасары Дәрібаева, Шымкент қаласы Білім сапасын бақылау Департаментінің басшысы Р.Әліш және қалалық прокуратура өкілдері сөз сөйледі..
Қала әкімінің орынбасары С.Құранбек модераторлық еткен жиынға қалалық мәслихат депутаттары, Қоғамдық Кеңес Общественный Совет мүшелері, Білім ошақтарының басшылары мен психологтары қатысты.
Қағазда әдемі жазылған баяндама жасаған ҚББ басшысының орынбасары Дәрібаева жиынға қатысушылар қойған бір де сауалға тұщымды жауап бере алмады.
Мәселен, Шымкент қаласы Қоғамдық Кеңесінің мүшесі Баршагүл Исабек жекеменшік мектептердің оқушыларының оқулықпен қамтамасыз етілу жайы туралы сұрағына берілген жауапқа Баршагүл әріптесімді қайдам, өз басым ештеңе түсінбедім.
Қазан айының басында тұрғындардың өтініші бойынша мектеп болуы мүмкін емес жерде орналасқан мектепте болып, директорымен аз-кем сөйлескем..
Өндірістік қоқыстардың ортасына орналасқан бір қабатты шағын ғимаратта 200-н астам оқушы білім алатын көрінеді..
Мегаполисте осындай білім ошағының болуына жол беріп, Шымкент қаласы СЭС-і қайда қарап отыр?» — деп бас шайқап шығып кеткем..
Баяғы шифер зауыты аумағында…
Гугл-картада N:67 жалпы орта мектеп деп көрсетіпті.
Директорының айтуынша негізгі орта мектеп..
— Сіздің мектептерді аралап жүретініңізді естігем.
Бізді таба алмайтын шығар деп ойлағам деп жымиған директор.. Шарасыздықтан жымиғаны екенін аңғарып, директорды аяп кеткем..
Мектеп 1991 жылы шарасыздықтан ашылған деген, ол кісі..
Бүгін мен сол мектеп туралы қойған сауалыма Басқарма қызметкерлерінен ешкім тұщымды жауап бере алмады.
Басқарманың бір қызметкері «Мектепке жаңа ғимарат салуды жоспарлап жатырмыз» деді..
Бұрынғы зауыттардың орнында өзгесін айтпағанда радиация болмауы мүмкін емес қой, сол жерде радиация деңгейі қандай..
Сұрағыма жауап бере алмаған Басқарманың артын қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек жапты .
Сәрсен Абайұлы аталған мектептің жағдайымен жақсы таныс екен..
Проблеманы шешу бағытында жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.
Жалпы, көкейімдегі көптеген сауалдардың жауабын жиынды қорытындылаған қала әкімінің орынбасарының сөздерінен алдым.
Сәрсен Абайұлы қаламыздың білім саласындағы кемшіліктерді тізбелеп айтып шыққанда, өзгелердің не ойлағанын білмеймін, өз басым «Ойпырмай, тағы бір 5-6 айда қаламыздағы білімнің күні біржола бітер екен. Білім Басқармасының қазіргі құрамын таратып жіберіп, қайта жасақтау керек-ау» деген ойға келдім.
Сөзінің соңында Сәрсен Абайұлы Білім Басқармасына 15-20 нақты тапсырма берді.
Қысқасы, кім болса да, Басқармаға келетін жаңа басшыға артылар жүк ауыр болмақ.
Сондықтан да, «көрінген көк аттыны» басшы қылуға жол беруге қала тұрғындары да көне қоймас, білім саласындағы проблеманы бүге-шігесіне дейін біліп отырған қала басшылығы да жол бере қоймас деп үміттенемін..
Р.S Жиналыс барысында ортада тұрған микрофон арқылы сұрақ қойған азаматтарды тыңдап отырып Вольтер айтыпты дейтін «Мен сіздің пікріңізбен келіспеймін. Бірақ соны айта алуыңыз үшін жанымды қиюға әзірмін» деген қанатты сөз түсті.
Бір жекеменшік мектептің директоры жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар үшін ата-аналар жауапты болуы тиіс деп салды.
Бәріне ата-аналар жауап берсе, мемлекет неге сонша қаржы жұмсап бала бақша, мектеп ашып, педагогтарға ақша төлеп отыр?
Ұл-қызына қоғам сұранысы мен замана талабына сай лайықты тәрбие бере алатындай ата-ананың бәрі бірдей білімді, мәдениетті емес қой.
Әрине, баласының тәрбиесіне ата-ана жауапты..
Дегенмен, мен айтқан жағдайды да естен шығармау керек..
Өзін «Бір мектептің психологы Гүлнұр Оразалықызы» деп таныстырып, сонша жұрттың алдында тайсалмай өз пікірін білдірген жас маманға да риза болдым..
Қаламызда азаматтық қоғам қалыптасып келеді. Басшылар мұны міндетті түрде ескеруі керек. Әйтпесе ең алдымен өздеріне қиын болады..
Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ, белсенді ұстаз.
Facebook жазбасы.
Фото автордың парақшасынан алынды.