Шымкент Денсаулық сақтау басқармасы 2 млрд-тан астам сомаға заңбұзушылыққа жол берген

0
192

Шымкенттегі денсаулық сақтау басқармасынан 2 миллиард 106 миллион 402 мың теңге көлемінде қаржылық заңбұзушылық анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекеттік ішкі аудит департаментінің мамандары жүргізген тексеріс нәтижесінде, 2024 жылғы бюджет бағдарламалары аясында бөлінген қаражат дұрыс жоспарланбағаны белгілі болды.

Бұған байланысты бюджет қаражатын жоспарлау кезінде заң бұзылған. Сонымен қатар 303 100 теңге көлемінде рәсімдік заңбұзушылықтар тіркелген.

Шымкент ішкі мемлекеттік аудит департаменті заңсыз жоспарланған қаражатты республикалық бюджетке қайтару қажеттігін мәлімдеді. Тексерістен кейін 2 миллиард 106 млн 402 мың теңге толықтай бюджетке қайтарылды.