Шымкентте зообақта түйеқұсты тепкен

0
95

Шымкентте зообақта жайылып жүрген түйеқұсты тепкен ер адам видеоға түсіп қалды.

 

Қауіпсіздік ережелері мен «қоршаудан өтуге болмайды» деген нақты ескертуге қарамастан, келушілердің бірі тәртіп бұзған:

 

қоршаудан асып өтті;

жануарларды әдейі үркітті;

түйеқұсты аяғымен тепті.

Оқиғаға байланысты зообақ басшылығы келушілерге үндеу жасады.

 

«Бұл – жабайылық. Жануарлар – ойыншық емес. Олар тірі, сезеді, қорқады, күйзеліске түседі, ауырсынады. Егер жануарларға жанашырлығың жоқ болса – оларға жолама. Мазалама. Зиян келтірме.

 

Оқиға басқа бір келушінің телефонына түсіп қалған. Бұл адамды таныған болсаңыз, бізге хабарласуыңызды сұраймыз. Қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгінеміз.

 

Жануарларға құрмет – адамгершіліктің белгісі», – дейді Шымкент зообағы.