Шымкенттік азамат жұртты жихадқа шақырған

0
128

Шымкент қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты ҚК-нің 256-бабының 1-бөлігі, 259-бабының 1-бөлігі («Терроризмді насихаттау және экстремистік әрекеттерін ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіріп») бойынша айыпталған тұрғынға қатысты істі қарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар, террористік және экстремистік әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарды жихадқа шақырған.

Сотталушының тағылған айып бойынша кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденеді.

Прокурор Т.-ға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы және қорғаушысы жеңіл жаза тағайындауды өтінді.

«Сот, Т.-ға түпкілікті 256-бабының 1-бөлігі, 259-бабының 1-бөлігі негізінде 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», делінген Шымкент қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.