Шымкенттік кәсіпкер тегін балмұздақ таратқаны үшін 5 тәулікке қамауға алынды

0
265

Шымкентте тегін балмұздақ таратқан кәсіпкер заң бұзғаны үшін жауапқа тартылды.

Шара 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай өтті. Тегін балмұздақ “Тұран-2” ықшамауданындағы “Жаңалық” сауда үйінің жанында таратылған.

Бұл акцияның соңы балмұздақ лақтырып, шуға ұласты.

 

Ұйымдастырушыға 50 АЕК яғни 196 600 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 тәулікке қамауға алынды.