ШЫҰ университеті – бұл тарихта алғаш рет экономикалық әлеуеті әртүрлі және өзіндік білім беру жүйесі
ҚР Президентінің кеңесшісі Болат Ақшолақов ШЫҰ-ға мүше елдер экономика және қауіпсіздік саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізе отырып, білім беру саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға ниетті екенін мәлім етті деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«ШЫҰ – стратегиялық мақсаттарға жетудің негізгі құралдарының бірі болып қала береді. ШЫҰ-ға мүше елдер экономика және қауіпсіздік саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізе отырып, білім беру саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға ниетті. ШЫҰ-ға мүше елдер арасында білім саласындағы ынтымақтастықты ілгерілету мақсатында 2008 жылы «ШЫҰ университетін құру туралы» тұжырымдама ұсынылды.
Ол ШЫҰ-ға мүше елдердің жоғары оқу орындарынан тұруы тиіс желілік университет. ШЫҰ университеті – бұл тарихта алғаш рет экономикалық әлеуеті әртүрлі және өзіндік білім беру жүйесі бар елдер құрған желілік жоғары оқу орны. Халықаралық ғылыми ынтымақтастық ғылым мен білімді дамыту мен бөлісудің ең тиімді әдістерінің бірі және зерттеушілердің ғылыми ықпалының өсуіне түрткі болады», — деді Болат Ақшолақов елордада өтіп жатқан «Жоғары білім беру және өндірісті интеграциялау саласындағы ынтымақтастық» атты халықаралық симпозиумда.
Президент кеңесшісінің пікірінше, жоғары білім беру және өндірісті интеграциялау саласындағы ынтымақтастық тақырыбында халықаралық симпозиумын өткізу ШЫҰ-ға мүше елдер арасында ғылыми және мәдени іс-қимылды арттыруға үлкен серпін береді. Сонымен қатар аталған іс-шара білім беру қызметтерінің жаһандық нарығында жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мол мүмкіндік.
«ХХІ ғасыр – инновациялар, заманауи технологиялар және осы салаларды зерттеулер заманы. Бүгінгі міндет – студенттер мен ғалымдар әзірлеген ғылыми жобалар мен идеяларды ілгерілету және оның адамзатқа қызмет етуін қамтамасыз ету. Әрине, әр университеттің өзіндік мәдениеті, өзіндік білім беру стилі бар екенін түсінеміз. Дегенмен ынтымақтастық және бірлесіп зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы адамзат іргелі ғылымның қолданбалы ғылымға айналуын қамтамасыз етуі мүмкін», — дейді ол.
Фото интернеттен алынды.