«Сол кездегі өзімді аяп кетем» деген Айнұр Тұрсынбаева қызық ойымен бөлісті

0
876

Танымал коуч, айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева вирус, иммунитетке қатысты қызық жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

«Осы бар ғой… Біздің бала кезімізде қазіргідей вирус жок па еді, жоқ біздің имунитетіміз сұмдық болған ба?! Мысалы мен бала кезімде өмірі ауырмағанмын.. Тіпті жөтелмегенмін.

Мектептен қарнымыз ашып шығады, үйге жеткенше опырып қар жеп қайтамыз. Бізде сонда ангина неге болмаған,а? Қазіргі балдарға мамалары балмұздақты ерітіп, жылытып беріп жатқанын көргенде өзімнің бала кезімді аяп кетем ше..

Мектептен қайтып келе жатып сырғанаймыз, аяздан мұрнымыздың іші сықырлап қатып қалатын. Пимамыз тесіліп, аяқ шылқыған су боп кетеді. Дала қақаған аяз.

Сонда неге бір адам «мына бала суық тиіп ауыратын болды» деп уайымдамаған деймін де… Қазір форточка сықыр етіп ашыла бастаса «ойбай, балаға суық тиеді» жан жақтан бақырып жатады… Бір әңгіме айтайын..

«Фууу» деп жиіркенуім жоғынан! Біздің Көкжырада тәтті тапшы болатын. Әсіресе сағыз.. Бәріміз смола шайнайтынбыз.. Біз не көрмедік деп бір жылап алсаң.

Қаладан біреулер келе қалса тәтті сағыз әкеледі. Жарымағандай 1-2 штук әкеледі ғой тағы. Қолыңа тиетіні жалғыз сағыз. Оны ауладағы бүкіл қыз кезектесіп 5 минуттан шайнаймыз.

Кей кезде ұлдар да сұрап шайнап тұратын.. Әйтеуір әбден іріп кеткенше шайнамайтын адам жоқ еді ғой. Сонда бір вирус жұғады, гигиена деген нәрсе атымен жоқ еді ғой.. Қазір ше?!

Қазіргі балдардың қасына маскасыз жолап кетсең бітті ғой, ертесіне температурасы қайнап жатады…

Мойынқұмда немістер көп тұрады.. Неше түрлі жеміс егетін. Біздің есіктің алдында арық ағып жататын. Сол арықпен немістердің алма, өріктері ағып келіп жатады..

Ол арықтың басында біреу кір жуып жатыр ма, біреу ішек қарын тазалап жатыр ма, сиырлар су ішіп жатыр ма шаруамыз жоқ қой. Ағып келген жемісті сүртпестен жеп отыра беретінбіз..

Сонда бір адам «әй, ана жеміс таза емес, жуып же» деп айтқан емес.. Қазір ше?! Алманы жумай жеп қойған балдар инфекционныйдан бірақ шығып жатқан жоқ па..?!

Қазіргі балдардыкі не тәлпіштік осы деп ұрсып кетсең да» деп жазды  Айнұр Тұрсынбаева.

Расымен де, қазіргі балалар неге сонша әлжуаз, қалай ойлайсыз?

Фото интернеттен алынды.