“Стамбул күлге айналады” деген профессор халыққа ескерту жасап, дабыл қақты

0
2120

Түркия ақпарат құралдары Стамбулда болған соңғы зілзалаға қатысты мамандардың пікірі мен болжамдарын жариялады деп жазады Democrat.kz.

Бірер күн бұрын болған Стамбулдағы 6,2 балдық жер сілкінісі ел халқын ғана емес, ғалым-мамандарды да аяқтан тік тұрғызғаны мәлім.

Стамбулда алапат жер сілкінісінің болатыны туралы бұған дейін де талай рет айтылып келеді. Десек те, айтылған сөз бен ескертулерге күні бүгінге дейін құлақ асқан билік те, халық та бола қоймаған.

“Стамбулда жойқын зілзала болары сөзсіз. Қауіпсіздік шараларын қазірден қолға алмасақ, Стамбул күлге айналады. Біз мұны жылдар бойы айтып, ескертумен келеміз.

Мәрмәр теңізінің астындағы плиталардың бір қозғалысы бүкіл Стамбулды жермен жексен етуі әбден мүмкін.

Тағы да қайталап айтамын, Стамбулда жойқын жер сілкінісі болады. Біз оған дайын болуымыз керек. “Құдай сақтасын” деумен апаттан құтыла алмаймыз.

Ең бірінші, құрылыс нысандарын тексеріп, қала ішінде ашық алаңдар жасауға күш салуымыз керек. Қалай болса, солай соғылып жатқан биік ғимараттарға тоқтау салмасақ, ертең сол ғимараттардың астында миллиондаған адам қалады. Стамбул қираса, тұтас Түркияның экономикасы шөгеді”, – дейді профессор, сейсмолог Наджи Гөрөр.

Дәл осыған ұқсас пікірді түркиялық басқа да сейсмология саласының мамандары айтып, дабыл қағуда.

Жапон сейсмологы Йошонори Мориваки да Стамбулдың қауіпті сызық белдеуінде тұрғанын, соңғы зілзаланың артынан тағы бірнеше рет жер сілкіністері болуы мүмкін екенін жасырмады.

Фото интернеттен.

@nusaybintanitim

Prof. Dr. Naci Görür’den önemli uyarılar: İstanbul çökerse bütün Türkiye diz üstü çöker! #istanbul #kanalistanbul #deprem #marmara

♬ orijinal ses – Nusaybin Tanıtım