Су тасқыны қолдан жасалған ба?

0
170

ТикТок әлеуметтік желісіндегі neboldy арнасына сұхбат берген Ауыл шаруашылық эксперті Алмасбек Садырбай елімізде болған су тасқынына қатысты тың мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz. ақпараттық порталы. 

Алмасбек Садырбай көктемде еліміздің бірнеше аймағында болған су тасқынын техногендік деп бағалап, «бұл су тасқыны ешқандай да табиғи апат емес» дейді. «Ресей елінен болған дүние. Оны әдейі жасады ма, әлде арнайы біреу жасады ма, әлде шынында да білмей қалды ма, оған оқырман пікірін айтсын.

Маман ретінде айтарым, Ресейдегі су қойма 3,5 млрд текше метр су жинайтын қойма. Ақпан айында РосГидромет аймақта осыншама қар жауды, Ирекла су қоймасына осыншама су түседі деп ескертеді.

Сол кезде Ирекла су қоймасы көктемгі келетін суға қойманы әзірлеп, секундына 15 текшеметр суды ағызып бастауы керек. РосГидрометтің хабарламасынан кейін су қоймадан секундына 60-80 текшеметр су ағыза бастауға тиіс болған. Алайда осы жылы су қоймасы алдын-ала ештеңе жасамайды.

Күн де күрт жылынады. Қар еріп, су қоймасы тіпті толады. Міне, сол кезде су қоймасы 15 текшеметрден жіберу керек судың көлемін 60-қа, 60 текшеметрдікін 80-90-ға арттырады.

Мұнымен тоқтамай, су қойма жарылмасын деп тарихта болмаған секундына 1000 текшеметрге дейін су ағызады»,-деген сарапшы егер Ресей тарапы РосГидрометтің ескертуіне қарай алдын-ала қамдану шарасын жүргізгенде, Қазақстанды да су баспас еді дейді.

Фото интернеттен алынды.

@neboldy7

«Мен өз сөзіме жауап беруге дайынмын: бұл тасқын қолдан жасалған дүние» Сұхбаттың толық нұсқасы «Не болды?!» YouTube арнасында. Спикер — Алмасбек Садырбай, ауылшаруашылығы сарапшысы #алмасбексадырбай #тасқынсу #ресей #Оренбург #жайық #орал #суқайдан #апат

♬ original sound — NeBoldy