Су тасқыны толастамай тұр

0
281

Қарулы Күштердің әскери қызметшілері су басқан аудандарда тәулік бойы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы 24.kzке сілтеме жасап.  

Су тасқынына қарсы іс-шаралар Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметтерімен және Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарындағы, Абай және Ұлытаудағы атқарушы билік органдарымен бірлесіп атқарылуда. Апаттан құтқару жұмыстарына 523 әскери қызметші, 47 техника, оның ішінде 8 тікұшақ және әскери-көліктік авиация ұшағы жұмылдырылды. 1325 адам эвакуацияланды.

Жалпы 150 рейс жасалды, 11500 келі гуманитарлық көмек жеткізілді. Абай облысында бөгетті нығайту үшін Аягөз ауданының Мамырсу ауылына 2400 текше топырақ жеткізіліп, 540 метр үйінді тұрғызылды. Әскери ұшқыштар су басқан елді мекендерден тұрғындарды эвакуациялауды жалғастыруда.

Фото ашық дереккөзден алынды.