Су тасқынына байланысты жолдар жабылды

0
153

Қарағанды облысында еріген су салдарынан республикалық маңызы бар төрт жол және облыстық маңызы бар сегіз жол жабылды. Полиция қызметкерлері мен құтқарушылар осы жерлерде кезекшілік етеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өңірдегі жағдайға байланысты полицейлер көлік жүргізушілерін аз-аздан жіберіп жатыр. Жолдың жабылуы салдарынан 150 көлік жолда тұрып қалған. Жеңіл көліктер мен ауыр жүк көліктері Қарағанды мен Ақсу-Аюлы арасындағы жолда тұр.

«Қарағанды облысындағы жолдардың 37 учаскесін еріген қар суы шайып кетті. Осыған байланысты республикалық және облыстық маңызы бар сегіз жол жабылды. Ақсу — Аюлы ауылының маңындағы Қарағанды — Балқаш жолының учаскесінде еріген қар суы толып кетті, тереңдігі 50 сантиметрден асады.

Полиция қызметкерлері жолдарды жапты, олар күшейтілген режимде қызмет атқарады. Қарағандыдан шығар жолда 150-ден аса көлік жиналды. Жүргізушілерді қауіпсіздік мақсатында алыс сапарлардан бас тартуға шақырамыз», — деді Қарағанды облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қайырбек Шәкенов.

Фото ашық дереккөзден алынды.