“Сұлтан Сүлеймен” түрмеге қамалды

0
941

Танымал түрік актерлері Халит Эргенч, Рыза Коджаоғлу және олардың менеджері Айше Барым Ыстамбұлдағы Гези паркіндегі наразылық оқиғаларына қатысты тергеу барысында жалған мәлімет бергені үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Todayinfo Haber Global-ға сілтеме жасап.

Сот шешімі бойынша, Халит Эргенч 1 жыл 10 ай 15 күнге, ал Рыза Коджаоғлу 1 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Алайда үкімнің орындалуы кейінге қалдырылған, бұл белгілі бір жағдайларда айыпталушыларға қатысты шешімді өзгерту мүмкіндігін білдіреді.

Айта кетейік, Халит Эргенч «Мың бір түн», «Сұлтан Сүлеймен», «Сен менің Отанымсың», «Қызыл Ыстамбұл», «Вавилон» сынды жобаларда басты рөлдерді сомдаған.

Ал Рыза Коджаоғлу «Шаһар», «Күзей мен Гүней», «Жарқын жалын» телехикаяларындағы рөлдерімен танымал.