“Сүндет – мұсылманға емес, еврейлерге міндеттелген” дейді зерттеуші

Өзін “мұсылманмын” дейтін әрбір кісіге парыз етілген дүниелер туралы айтқан дін зерттеуші, өзін Хазірет Атеист деп атайтын түрік жігіт тағы бір мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz.
“Мұсылманмын дейсіңдер, мұсылманның бес парызын орындамайсыңдар. Алланың бұйырған намазын оқып, оразасын дұрыс тұтпайсыңдар. Сөйте тұрып, еркекті сүндеттеу керек деп, еврейлердің парызын өздеріңе иемденіп алғансыңдар.
Бұл қалай? Құранда баланы сүдеттеу туралы ешбір жерде жазылмаған. Ал Тәураттың 17 теквинде еврейлерге сүндетті міндеттеген. Тәуратта еркекті сүндеттеуді құдайлары бұйырған. Ал Құранда Алланың мұндай бұйрығы жоқ.
Олай болса, сүндеттелген еркек – иахудей, еврейлерден болғаны. Құрандағы Алланың бұйрығын емес, еврейдің Тәуратындағы бұйрықты орындаған кісіні не деуге болады?”, – дейді түркиялық атеист дін зерттеуші.
Фото көрнекілік үшін.
@1_hzateist Sünnet olduysan yahudisin