“Супер тамада” туралы сұмдықтар жарыққа шықты

Ел ішінде “супер тамада” деп атанып жүрген Сабыржан Түзелбаев туралы ТикТок әлеуметтік желісі шулап жатыр деп жазады Democrat.kz.
ТикТокта “супер тамаданың” бойдақ қыздан телефон нөмірін сұрағаны туралы скрин жарияланған еді. Аталмыш скринді @aa00kyr атымен тіркелген желі қолданушы жариялады. Осы скринге қатысты пікірлерде “супер тамаданың” қыздарға қырындап, талайынан телефон нөмір сұрап, тиіскені туралы мәліметтер жазылуда.
Егер мына жазбалар рас болса, өзін “мұсылманмын, арақ-шарабы бар тойға қатыспаймын” деп халал-харам туралы әлдеқандай етіп әр сөзінде айтатын отбасылы Сабыржан тамаданың жас қыздарға қырындауы халал болғаны ма?
Әлде еркекке бәрі бола береді дейтін надан түсінікпен бұл жағдайға да көз жұмып қараған жөн бе?
Фото интернеттен.