“Сыни жазбамды өшір деп 5 млн теңге ұсынды” дейді Амангелді Батырбеков

Sadaqmedia арнасына сұхбат берген танымал журналист-блогер Амангелді Батырбеков басынан өткен жағдай туралы айтып берді деп жазады Democrat.kz.
“Сарыағаш ауданының Білім бөлімін басқарған Бауыржан Майрихов деген басшыны көп сынап жаздым. Сол басшы балабақша ашады. “Алихан 20-20″ деп ашқан сол балабақшаға бір жыл бойы ешқандай бала бармаған. Алайда балабақша үшін мемлекеттен қаржы бөлініп отырады. Осы туралы Фейсбукта жаздым. Жазбасын алып тастасын деп әлгі басшы 5 млн теңге беріп біреуді жолдайды. Ал мен ол материалды газетке жарияладым”, – деген Амангелді Батырбеков өткіз сыни жазбалары үшін отбасына да талай рет қауіп төнгенін айтады.
Фото интернеттен.
Watch on TikTok