«Сынып жетекшілері, оқушыдан ақша жинауды қашан қоясыңдар?» дейді ашынған ата-ана

Тик ток әлеуметтік екі ұлдың әкесі мұғалімдерге өз наразылығын білдірді. Мектеп оқитын балаларынан ұстаздарының ақша жината бергеніне шағымданған әке видео хабарлама жасаған, деп жазады Democracy.kz.
“Мектептегі сынып жетекшілер сіздер неге болатын да, болмайтын да затқа ақша жината бересіздер? Екінші сынып оқитын балам қателеспесем үш жарысқа қатысты, 1500 теңге әкелсін, не үшін десең грамотаға, тағы біреуінде 2000 теңге не үшін десең тағы грамотаға дейді. Өткенде біз хор айтайын деп жатырмыз, апайлар 4000 теңге жинап жатыр дейді. Ал, оның сыныбында отыз оқушы, оның әрқайсысына төрт мың теңгеден шаққанда қаншадан келеді.”
“Сіздер мына мимен ойлаңыздаршы.Білім министірлігі жылдың басында айтқан еді ешқандай мектеп, ешқандай ұстаз оқушылардан ақша жинауға құқығы жоқ деп.
Сол сөз әншейін жайында қалды ғой. Сіздер ойлайсыздар ма осы балалардың барлығы байдың балалары деп.
Бір үйде төрт бала бар мектеп оқитын, біреудің үш баласы бар, біреудің екі баласы бар. Оның бәріне ай сайын 1500, 4000 теңгеден жинай берсе ол үйдің несі қалды”
“Жаңа Қазақстан деп жыртылып айтып жатырмыз ғой қайсы, қане? Балабақша, мектеп бәрі — корупция. Сіздер уже кішкентай балаларға жетіңіздер ғой», деген ата-ана видео соңын баласының хор айтамыз деп жинаған ақшаны кіммен бөліскіңіз келді, деп баласының сынып жетекшісіне сұрақ қоюмен аяқтаған.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.