Табаққа сәлем салу — қазақтың дәстүрінде бар ма?
Әлеуметтік желіде табаққа сәлем салуға қатысты қызу пікірталас жүріп жатыр деп жазады Democrat.kz.
Жазба авторының айтуынша, ас ішіліп біткен соң, үлкен кісілер қайтарып берген табақты алып жатып, келін үш рет иіліп сәлем салу — қазақтың дәстүрінде бұрыннан бар екен.
Ал пікір жазушылардың кейбірі қазақта мұндай салттың жоғын, бұл көрші елдерден келген салт екенін айтады.
Енді біреулер бұл салттың тек оңтүстік, батыс өңірлерде ғана барын алға тартады.
Үлкендердің қолынан табақты алған келін үлкендерге иіліп, сәлем салады, ол үлкенге деген сыйластық, сыйластықтың жауабы ретінде ол да бата алады деп жазады бұл туралы Ernur.Press
Фото көрнекілік үшін.