Тағдыр табыстырмаған қос ғашық

0
446

Арман қуып Алматыға оқуға келдім құдай оңдап өзім қалаған Университетке түсіп кеттім. Студенттік кез ерекше екен. Қызығы мен шыжығы бітпейтін жастық шақтың мәңгі жасыл көктемі

Күні бойы оқудан бас алмаймыз сонымен қатар ойнап күліп қыдыруға уақыт тауып жатамыз. Топта 35 студент. Оның он екісі ғана жігіттер қалғаны қыздар болатын. Топ ішінен өзіме доста тауып үлгердім есімі Жандар.

Өзім сияқты ауылдың қарапайым қара домалақ баласы әрі менің жерлесім Жандар екеуміз бір ауданнан болған соң тез тіл табысып кеттік. Сөзге шешен әрі күлдіргі тапқыр жігіт екен арада біраз күндер өткең соң біздің достығымызға Ақмарал мен Ирина қосылды.

Жандар екеуміз олармен танысып жақсы араласып кеттік.Енді бұрынғыдай екеу емес төртеуміз Ақмарал Семей жақтың қызы, ал Ирина Талдықорған қаласынан.

Аты орысша болғанымен Қазақ қызы. Құдайдың құтты күні төртеуміз біргеміз Аудиторияның төрінен орын алып дәріс жазып қол босай қалса ананы мынаны әңгіме қыламыз. Кейде мұғалімдер Oсы төртеуінің әңгімесі бітпейді деп ренжіп жатады ішімнен Өмірі бітпесе екен деп қоямын Достығымыз махаббатқа ұласып бара жатты

Мен Ақмаралды ұнатып қалдым. Оған басқа топтың жігіті тиіскенде оны қызғанып ғашық екенімді байқатып қойдым.Әбден бауыр басып кеттім.Ол бір күн келмесе өзімді қоярға жер таппай кетем. Kейде сабақ ортасында сұранып кетіп, Ақмаралдың үй жағына баратынмын. Марал десе Марал ғой шіркін Ботадай көздері аппақ жүзі нәзік дауысы сүйкімді қылықтары

Енді біздің жай дос емес екенімізді бәрі біледі.Мен оның қиналғанда қасынан табылып қуанышта онымен бірге мәре-сәре болып оған шын жанашыр қорған болып жүрдім. Бірге қыдырып, бір тамақты бөліп жеп жүрдік. Қыстың ортасына таман ол жатақханаға ауысты

Енді бұрынғыдан жиірек көретін болдым өйткені менде жатақханада тұрам.Бірақ ол басқа жағында, мен басқа жағында студенттік өмірдің қызығы мен қиыншылығы қатар ғой ақпан айының басында Ақмарал қатты ауырып қалды. Сабаққа келмей, жатақханада жатыр

Бәріміз ақшадан қысылып жүргенбіз шәкірт

ақы болса кешігіп жатыр.Маралға дәрі апарып берейін десем қалтамда соқыр тиын жоқ. Жандар екеуміз ақылдасып таныстардан түнде істейтін уақытша жұмыс таптық сабақтан шығып, вагонға ұн басамыз

4-5 сағат істеп 1500-2000 аламыз

3 күн істеп Жандар екеуміз біраз тиын-тебен таптық ол ақшаға Маралға дәрі

дәрмек алдық Иринаның жолына да тиын ұсындық. Ирина үйден қатынап оқитын сабақтан кейін Маралға сол қарап жүрді. Үш күннен соң Маралдың беті бері қарады. Сондағы қуанғанымды көрсең Қуаныштың үстіне қуаныш, шәкіртақыда түсті.Маралдың көңілін ауламақ болып оны қыдыртып, Медеуге апардым

Жандар мен Иринаныда ертіп алдық кеш батқан соң таудан келіп бөлмемде жатсам Жандар бірнәрсені күмілжіді Сөйтсем ол Иринамен кездесіп жүріп жүр екен.Мәре

сәре болып қуанып бұны атап өтейік дедім. Ертесіне Ақмаралдың вахтершы апайына жалынып жүріп, Иринаны кіргізіп қондыратын болдық. Сабақтаң шыққан соң бәріміз кешке Маралдың бөлмесінде кездесетін болдық Жандар екеуміз көк базардан жеміс сусындарды әкеліп Маралдың бөлмесіне бардық қыздар қатырып тұрып палау жасап қойыпты.

Марал мен Иринадан бөлек Ботагөз есімді тағы бір қыз бар екен. Дереу Жандар топтағы Аманды ертіп келдітсөйтіп алтаумыз көңілді отырыс жасап кештің сәнін келтіріп ән айтып отырдық

Аман гитарамен ән айтады мен Мұқағалидың өлеңдерін оқимын Жандар қызықты анекдотымен күлдіріп алады. Қыздар жағы жұмбақтар жасырады біз таба алмай дал боламыз осылай достық махаббатты атап өтіп таңға жуық үшеуміз өзіміздің жатақханаға тарқадық.Үш қызымыз бізді сыртқа шығарып салып өздеріде кіріп кетті.

Екінші оқу жылы да аяқталып келеді жандар екеумізден бақытты ешкім жоқ.Жанымызда Ирина мен Ақмарал бар. Өзімізше осыдан оқу бітірейік екеуміз екі қызды алып той жасаймыз

Содан кейін өмір бойы жұптарымыз жазылмайды деп армандап бір-бірімізге сөз бердік көңілімдегі қуаныштың бәрін тағы бір мұң басып тастады. Марал тағыда ауырып қалды. Ботагөзден ести сала бөлмесіне жүгіріп бардым. Төсекте өңі бозарып талықсып жатыр екен.Қыздар жедел-жәрдем шақырыпты. Сәлдең соң, жедел-жәрдем Маралды алып кетті

Артынан естігенім сабақтаң қайтып келе жатып жығылып қалыпты осылай Марал жиі ауырып қалатын болды сабақ үлгеріміде төмендеп кетті. Мұғалімдерге айтып сабақтарын 4 пен 5 ке жауып жүрдік

Көңілім құлазып, жабырқап жүргенде қысқы каникулғада шықтық.Бәріміз ауылға қайтқалы тұрмыз.Жандар екеуміз бірге шығатын болдық. Ирина Алматыда қалады екен. Ақмаралды ертең кешке автобусқа салып жіберетін болдық ертесіне Маралмен күндіз кездесіп, қыдыратын болдым оны Президент саябағынан күтіп алып Медеуге жол тарттық ол жақта 3 сағаттай коньки теуіп, қалаға кеп Түрік дәмханасынан тамақтанып алдық

Жүктерін өзінен бұрын салып жіберіпті.Өзі ғана қайтпақшы екен. Автобус сағат 7-де жүреді. Кетуге әлі 2 сағат уақыт бар.

Қол ұстасып 28 Панфиловшылар саябағына келдік. Маралды қатты құшақтап ернінен сүйдім бақыттан басым айналып бір жағынан қоштасуға дәтім бармай жүрегім қан жылап тұрды. Көңілімде бір күдік бар сияқты.

Оны қайта-қайта құшақтап қолын аузыммен үрлеп жылытып отырмын. Көздеріне қарап тоймай отырғанда ол кетуге ыңғайланып «Уақыт болды» деді. Еркелеп арқама асылып алды аялдамаға дейін оны арқама көтеріп апардым. Өзі қатты құшақтап алған. Аялдамадан барахолка базарына бардық

Ар жақтан Ирина мен Жандар да келді.Ирина Маралға «Байқап, өзіңе қарап жүр. Қалаға келгенде айт, өзім күтіп алам» деп бәйек боп тұр. Автобус та оталып жүргелі тұр. Бәріміз қимай қимай Маралды автобусқа мінгізіп

Ақсуатқа шығарып салдық. Ертең Жандар екеуміз қайтамыз.Бүгін ол Иринамен қоштаспақ. Жан-дүнием алай дүлей болып жатахқанаға қайттым.

Ертең ұзақ жол

Туған жерге бармағалы көп болып еді. Сағынышымды басып қайтармын

Ал Ақмаралға деген сағыныш ше оны қалай немен басам қайда жүрсеңде аман бол Менің Маралым сен менің жүрегімдесің мен сені жақсы көремін осылай ағасының аяқсыз қалған күнделігін Сәуле оқып бітірді

Бұл күнделікті жазған Азат,Сәуленің туған ағасы екен. Қысқы каникулда оқуын аяқтап, ауылдарына бара жатқан екі дос Жандар мен Азат, жол апатынан қайтыс болған. Азат сол жерде тіл тартпастан кетсе, Жандар ауруханада екі күн ес түссіз жатып, көз жұмыпты. Ағасының заттарының арасынан осы күнделік шығыпты.

Екі жылдан соң, Сәуле ағасы Азат оқыған университетке оқуға түскен. Ағасы мен Жандар туралы мұғалімдерден сұрап көріпті.

Сол екі дос ондағылардың әлі есінде екен. Сабақты жақсы оқумен қатар, өте белсенді пысық, алғыр болған екен. Қасындағы қыздарын да еске алыпты.Біреулер сол төртеуіне көз тиген депті мүмкін

Сәуле ағасының күнделігіндегі екі қыздыда іздестіріп көріпті. Ақмаралды табуын тауыпты бірақ ол бұл өмірде жоқ екен. Азат қайтыс болған соң

6 айдан кейін демікпеден олда бақилық болыпты Алматыдағы туыстары солай депті ал Иринаны әрең тауыпты Ирина оқуын аяқтап шетелге кетіпті Магистрант болып Түркияда оқып жатыр екен Осылай Сәуле көзіне жас алып әңгімесін аяқтады Айтпақшы Сәуле екеуміз бір топта оқимыз ол менің ең жақын досым.

Міне,бүтін бір тағдыр.

Тағдыр оларды таныстырды бірақ табыстырмады. Қосылмаған ғашықтар Біздің заманымыздың Қозы мен Баяндары, Қыз Жібек пен Төлегендері.

Бұл жалғанда қосылмасада арғы өмірде жұптары жазылмасын. Өйткені олардың махаббаты достығы адал кіршіксіз пәк еді. Жатқан жерлері жайлы имандары жолдас болсын.

Бұл оқиға Алматы қаласында болған олар оқыған университет Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетi болатын.

Авторы — Зарина РАЙСОВА.

Әлеуметтік желіден.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.