Тағы бір елде су тасқыны жүрді 

0
102

Анкарада нөсер жауын құйды. Төпелеп жауған жаңбырдан Түркия астанасы Анкарада да тасқын жүрді деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы 24kz-ке сілтеме жасап.

Соның салдарынан ғимараттарға су кірді. Бірнеше ауданда электр қуаты жоқ. Бұдан бөлек, қалада көлік қозғалысы қиындаған. Тасқын кесірінен қазір кей жолдар жабық тұр. Әзірге ауа райының қолайсыздығынан нақты қанша адамның зардап шеккені белгісіз. Жедел желіге бір тәулік ішінде 1500 қоңырау келіп түскен.

Фото ашық дереккөзден алынды.