Тағы да Шымкенттен шықты: Лайк баспасаң, басың пәлеге қалады

0
440

Шымкентте лайк баспасаң қысым көрсететін орталық бар екен деп жазады Democrat.kz. тілшісі  Азат Дидарбектің жазбасына сілтеме жасап.

“Құрметті, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мырза!

Құрметті, ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқарманың басшысы Айгерим Жумагулова;

Құрметті, “Amanat” партиясы жанындағы Жастарды қолдау кеңесінің төрағасы Nursultan Balabiyev мырза;

Шымкент қалалық “Жастар ресурстық орталығында” береке қашты. Жастар орталығы өзінің ішіндегі қызметкерлерін қудалап, лайк баспаса, қысымға алып, ескерту жасап жатқаны жайлы қызметкерлер редакциямызға шығып жатыр.

Жастар орталығы қаламыздың жастар мәселесін шешеді дегенге сеніңкіремейтін едік, енді лайк басқан-баспаған қызметкерлерін тізіп, тексеріп, өздері хатта жазғандай тырнақша ішіндегі “ескерту” жасап, жұмыс жасауына кедергі келтіріп жүрсе, оңбайды..

Бүгін осындай қысым көре берген орталық қызметкерінің мазасы қашып, құлап қалып, жедел-жәрдем шақырып, алғашқы медициналық көмекке жүгінуіне тура келді!

Ұжымды ұйытқыда ұстай алмайтын басшысы мен қосшысы қала жастарын бірлікте ұстайтынына күмәніміз бар!

Бұлай жалғаса берсе, арты жақсы болмайтыны анық!

Жастардың мәселесімен емес, мәселе көтерген жастармен айналысатын орталықтың басшысы қызметін асыра пайдаланып жүр ме екен?

Құрметті, Ғабит Әбдімәжитұлы, жастар орталығына бір назар аударып қойсаңыз игі…” деп жазды Азат Дидарбек.

Скриншоттар автордың парақшасынан.