Тайжан Жер комиссиясы жұмысы үшін ақша алғанын айтты

0
120
Тайжан Жер комиссиясы жұмысы үшін ақша алғанын айтты

Мұхтар Тайжан HARDtalk бағдарламасында Жер комиссиясындағы жұмысы үшін ақша алғанын айтты.

Алматы, NEGE. Журналист Мұхтар Тайжанға  жұмысыңыз үшін  қаражат алдыңыз ба деген сұрақ қойды.

«Мен халықтың мүддесін қорғаймын деп қорғадым. Ал қалған бизнесмендер мен қандай шартқа барамын ол менің өз шаруам. Мен ол кезде бизнесменмін, жеке тұлғамын. Ол кезде менде тағы келісімшарттар болды. Мен оны айтуға міндетті емеспін», — деді Тайжан.

Журналистің «алдыңыз ба, нақты жауап беріңізші?» деген сұрағына:

«Алдым, өйткені ол менің қоғамдық жұмысыма кедергі немесе қайшы емес. Ол менің жеке шаруам», — деп жауап берді Мұхтар Тайжан.