«Тәкбир! Аллаһу әкбар!» дескен қауым кеше бір сәтте дүр сілкінді

0
517

«Жоғарғы сот Қазақстан мектептерінде хиджаб киюге рұқсат беріпті» деген ақпарат кеше желдей есті. Хабардың рас-өтірігін тексермеген кей БАҚ  та бұл ақпаратты таратып, бүгінге дейін көлеңкеде өз уақытын күткен «тәкбиршілерді» жарыққа шығарып жіберді. 

Кеше бүкіл әлеуметтік желі «тәкбир!», «Аллаһу әкбар!» деген діни ұранға толды. «Хиджабпен мектепке баруға рұқсат алдық» дескен қауым келесі қадамдарын да жоспарлап, алақан ысып бастаған.

Бұл сөзімізге төмендегі видеоларға жазылған пікірлер дәлел бола алады. «Бұл жеңісіміздің басы ғана», «оқушының хиджабына рұқсат берсе, басқаларға да береді», «дәрігерлер, мұғалімдер де хиджаб кисе бола ма?», «енді мектептерде намаз уақытына ыңғайластырып сабақ кестесін қойса», «ер бала мен қыз баланы бөлек оқыту қарастырылса» деген сыңайдағы пікірлерден көз сүрінеді.

Бір ғана жалған ақпарат арамызда кімдердің жүргенін аз да болса, әшкерелеп берген жоқ па? Хиджабқа рұқсат алса, мектепте намаз оқытып, оқушыларды жынысына қарай бөлгісі келетін мұндай кісілердің түпкі мақсаты не? Әрине, Қазақстанды діни елге айналдырып, шариғат үкімімен басқару!

Ал шариғатпен жүретін елдердің сорлы жағдайын интернеттен ақтарап, қарасаңыз болады.

Кеше сақалдары сапсаңдап «тәкбир!» дескен қазақтың жігіттері ертең бұл елдің бас ауруына айналмасына кепілдік бар ма? «Тәкбир!» деген еркегін қолдап, хиджаб, ниқабта жүргісі келетінін жасырмаған дәрігер, мұғалім қыз-келіншектер елге пайда бере ме, әлде зауал бере ме?

Ұлттың қауіпсіздігі үшін жауапты мекемелер «тәкбир!», «Аллаһу әкбар!» дескен бұл қауымды жіті назарда ұстамаса, күндердің бір күнінде қазақ халқы лаңкестердің құрбанына айналмасына кепілдік жоқ.

Өйткені, әлемде болған ең үлкен лаңкестік әрекеттерді «Аллаһу әкбар!» деп айғайлағандар жасағанын күллі жұрт біледі. Сол себепті де бүкіл әлем «Аллаһу әкбар!» деп бақыратындардан қорқады. Бұл мойындауға тура келетін — ақиқат.

Төменде бір ғана видеоны назарларыңызға ұсынып отырмыз. Сол бір ғана видеода жазылған мыңдаған пікірді қарап көрсеңіздер болады.

Дайындаған — Мәриям КЕНЕСАРЫ.

Democrat.kz.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды. 

@welcomenur8

Распространяйте эту благую новость для нашей страны🤍 Будем делать дуа, чтобы данное решение довели до реализации!🇰🇿

♬ оригинальный звук — welcomenur